Иран вакцина өндіретін бес елдің қатарына кіреді
Шіл 28, 2017 02:32 Asia/Almaty
Иранның Пастер институтының төрағасы Мұстафа Ғанаи ИРНА-ға берген сұхбатында: "Ирандық мамандардың көмегімен адамдарға арналған вакциналарды өндіру сынақ кезеңінде табысқа жетті. Иран алдағы екі жыл ішінде халықаралық рұқсат қағаздарды алғаннан кейін осы фармацевтикалық өнімдерді өндіруші бес елдің қатарына қосылады" деді.
Ғанаи Иранның Пастер институтының төрт жыл бұрын адамдарға арналған вакцина өндіруді бастағанына тоқталып: "Бүгін Иранның малға арналған вакциналар өндірісінде еш қиыншылық жоқ. Иранда бұл вакциналардың жаппай өндірісі елдің ішкі қажеттілігін қамтамасыз етіп отыр" деді.
Тегтер