Индонезияда сионизмге қарсы шеру өтті
Шіл 29, 2017 22:06 Asia/Almaty
Индонезия мұсылмандары сионизмге қарсы шеруге шығып, сионистік режимнің қылмыстары мен басқыншылығын айыптап, Палестинаны қолдады.
Құдсты басып алушылардың Палестина мұсылмандарын басып-жаншуды жалғастырып, әл-Ақса мешітіне қолжетімділік пен онда намаз оқуға шектеу қою талпынысымен бір мезгілде Индонезия мұсылмандары шеру өткізу арқылы палестиналықтардың заңды талаптарын қолдайтындықтарын жариялады. Индонезия шерушілері сионистік режим тарапынан әл-Ақса мешіті есіктерінің жабылуы мен намазхандардың осы қасиетке мекенге кіруіне тосқауыл қойылуды айыптады.