Қытай Америка президентінің айыптауларына жауап берді
Там 01, 2017 07:50 Asia/Almaty
Қытай Сыртқы Істер Министрлігі Америка президенті Дональд Трамптың Бейжіңге қарсы айыптауларына жауап берді.
Қытай СІМ дүйсенбі күні Америка президенті Дональд Трамптың Твиттердегі жолдауына жауап беріп: «Солтүстік Кореяның ядролық мәселесін шешу үшін барлық тараптардың ортақ талпыныстары қажет. Солтүстік Кореяның ядролық мәселесі Қытайға бола пайда болған жоқ. Керісінше, Американың аймақтағы қате саясаттары Корей түбегіндегі дағдарысқа себеп болды» деді.
Америка президенті Дональд Трамп бірнеше күн бұрын Твиттерде жариялаған жазбасында Корей түбегіндеі дағдарысты шешуге көмектеспегені үшін Қытайдан үмітін үзгенін мәлімдеген болатын.
Тегтер