АҚШ-тың Ресейге қарсы санкциялары Еуропаның экономикасына зиян тигізеді
(last modified Sat, 05 Aug 2017 15:55:57 GMT )
Там 05, 2017 21:55 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Ресейге қарсы санкциялары Еуропаның экономикасына зиян тигізеді

Ресей және Италия Сауда палатасының басшысы АҚШ-тың Ресейге қарсы жаңа санкцияларының Еуропаның экономикалық мүдделеріне зиян тиюіне себеп болатынын айтты.

Ресей және Италия Сауда палатасының басшысы Розарио Алессандрелло Римде «Спутник» арнасына берген сұхбатында: «АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкцияларымен Мәскеумен энергетика саласында келісім жасаудағы Еуропаның экономикалық мүдделеріне қатты әсер етеді.

АҚШ-тың Ресейге қарсы жаңа санкцияларының негізгі мақсаты Еуропа одағын энергетика саласындағы маңызды таңдау жолынан мақұрым қалдырып, бұл одақты АҚШ газын импорттауға мәжбүрлеу болды. Ал АҚШ-тан Еуропаға газ импорттау көп қаражат талап етеді. АҚШ Конгресі бекітіп, ел Президенті сәрсенбі күні қол қойған  Ресейге қарсы  санкциялар бойынша еуропалық компаниялар Ресейден Еуропаға газ тасымалдайтын құбыр желісін салу жобасына (Nord Stream 2) қатысып, инвестиция салатын болса, оларға айыппұл салынады.