Солтүстік Корея АҚШ-қа тағы қоқан-лоққы жасады
Солтүстік Корея АҚШ-тан кек алу үшін өзінің ядролық қару-жарақтарын күшейтетінін мәлімдеді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Пхеньян үкіметі дүйсенбі күні мәлімдеме жариялап, БҰҰ-ның жаңа санкцияларына жауап ретінде АҚШ-тан кек алу үшін өзінің ядролық арсеналын күшейтетінін хабарлаған.
Солтүстік Корея үкіметі мәлімдемесінің жалғасында БҰҰ-ның жаңа санкциялары бұл елді өзінің ядролық қарулары жайлы келіссөздер жүргізуге немесе өзінің ядролық қуатын арттырудан бас тартуға мәжбүрлей алмайтынын және Солтүстік Кореяның белгілі мерзім аралығында тиісті іс-шараларды жүзеге асыратынын қуаттады.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі АҚШ-тың Солтүстік Кореяның құрлықаралық баллистикалық зымырандарды сынақтан өткізуіне қарсы жаңа санкциялар жариялау туралы ұсынған қарарын барлық мүшелердің қолдауымен бекіткен болатын.