Тәжікстан теледидары Иранға қарсы жалған айып таратты
Тәжікстан теледидарынан таратылып, Иранға қарсы жалған уәждер айтқан деректісымақ бағдарлама осы елдегі Иран елшілігінің мәлімдеме жасауына себеп болды.
Фильмде Тәжікстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарындағы дағдарыста Иранның рөлі болғаны туралы жалған уәждер жобаланған. Фильмде түрмедегілердің мойындау сөздерімен қоса, қайтыс болған адамдардың сөздері келтірілген. Бұл аталмыш теледидар бағдарламасының сценарий бойынша алдын ала дайындалғанын және мәліметтерінің жалған екенін көрсетеді. Шындық мынада: қазіргі саясат әлемінде халық пен қоғамдық пікір, әсіресе куәлер, деректер мен бұлтартпайтын тарихи құжаттар және мемлекеттердің іс-әрекеттерінің тарихы көз алдарында жатса, мемлекеттер мен халықаралық сахнадағы ойыншылардың сыртқы саясаттағы әрекеттері мен болмыс-бітіміне ең жақсы төреші бола алады.
Душанбедегі Иран елшілігінің мәлімдемесінде де Тәжікстан халқының алдыңғы және кейінгі буынының тарихи жадына тоқталып, олардың Кеңес одағы шекараларының аумағында тәуелсіздігін алып, жаңа қалыптасқан Тәжікстан республикасының ең ауыр саяси-әлеуметтік дағдарыстарының бірін шешудегі Иранның рөлін ешқашан ұмытпайтыны айтылған. Шын мәнінде Тәжікстанның сол кездегі үкіметі мен оппозициялық топтар, соның ішінде көптеген тәжік партиялары арасында бітім орнатудағы Иранның рөлі Тәжікстанның өзгерістер тарихында тіркелген. Тапсырыспен дайындалған бағдарлама арқылы осы республиканың тарихи шындығын өзгертуге болмайды. Иран Тәжікстандағы ауыр азаматтық соғыс кезінде де, қайта құру заманында де бейбіт келісімнің баптарын орындауда осы республиканың реттелуіне кепіл болған және болып келеді. Иран мен Тәжікстан халықтары мен үкіметтерінің аймақтық және трансаймақтық дұшпандары тура осы кепілдікке төзе алмай отыр. Сондықтан әртүрлі сылтаулар мен уәждер айтып, екі елдің арасын суытуды көздеп отыр. Тәжікстанның қоғамында сан жағынан аса ықпалды емес орталар бейбіт келісімге қол қойылған кезден-ақ үкіметті сынаушы саяси тұлғалардың келбетін бұзуды ғана емес, Иран мен Тәжікстан халықтары арасындағы мәдени, тарихи және ұлттық байланыстарды бұзып, жоюды көздеп келеді. Кеңес одағы заманынан қалған Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің мектебінен шыққан адамдар белгілі мақсаттармен оппозиционерлер тобына қарсы әртүрлі жобалар дайындап, қолданған. Қазір де осы белгілі тәсілді Тәжікстанда Душанбе мен Теһранның қарым-қатынасын бұзу және осы ортаазиялық елдің өзгерістер тарихындағы Иранның рөлін қарайтып көрсету мақсатында қолданып жатыр. Осындай тарих пен Тәжікстанда көзі ашық қоғамның барын ескере отырып, Тәжікстанның инфрақұрылымын дамыту бағдарламасында, соның ішінде «Тәуелсіздік» стратегиялық туннелі, «Санг туде-2» электр станциясы мен бөгетінің инфрақұрылымдық нысандары мен Ибн Сина ауруханасын салуда Иранның қандай рөл атқарғанын еске салудың да қажеті жоқ. Иранның Қызыл жарты ай ұйымының медициналық қызмет көрсеткенін, имам Хомейни атындағы жәрдем беру комитетінің қамқоршысыз және жағдайы нашар тәжік отбасыларына көмек бергенін, спорт кешендерін салғанын, тарихи ғимараттарды жөндегенін, тәжік жастарын университеттерде оқытқанын, ғылыми және университеттік орталықтарға көмектескенін, республика деңгейінде ондаған кәсіби-техникалық орталықтарды ашып, жабдықтағанын айтпаса да болады. Осындай жүздеген шара тәжік халқының жадында сайрап жатыр. Мұның барлығы Душанбедегі Иран елшілігінің мәлімдемесінде Тәжікстанның тәуелсіздігі мен баянды қауіпсіздігін сақтауға, тұрақтылығын нығайтуға және үкіметтің негіздерін беріктендіруге көмектесу мақсатындая Теһранның атқарған шаралары ретінде қысқаша тоқталып өтілген бұлтартқысыз шынайы айғақтар болып табылады.