Трамп Солтүстік Кореядан кейін Венесуэлаға қоқан-лоққы жасады
(last modified Sat, 12 Aug 2017 11:46:00 GMT )
Там 12, 2017 17:46 Asia/Almaty
  • Трамп Солтүстік Кореядан кейін Венесуэлаға қоқан-лоққы жасады

АҚШ Президенті соғысқұмарлық әдеті мен Венесуэланың ішкі ісіне араласу саясаты шеңберінде: «Вашингтон Венесуэладағы тынышсыздықты тоқтату үшін әскери таңдау жолынан бас тартпайды»,-деді.

France Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚШ Президенті Дональд Трамп жұма күні кешке осы елдің Нью-Джерси штатындағы Bedminister сарайында Сыртқы істер министрі  Рекс Тиллерсонмен бірге өткізген баспасөз конференциясында: «Венесуэлаға қатысты таңдау жолы жетерлік. Соның бірі – әскери араласу»,-деген уәж айтты.

Венесуэла үкіметіне қарсы АҚШ пен басқа да елдер осы елдің Президенті Николас Мадуроны Құрылтайшылар кеңесін құру арқылы өзінің өкілеттіктерін аясын кеңейтуге тырысты деп айыптады.

Мадуро бұл уәждерді теріске шығарып, Құрылтайшылар кеңесін құруды бірнеше айға созылған қақтығыстарды тоқтатудың жолы санайтынын айтты.

Венесуэланың Қорғаныс министрі АҚШ Президенті Дональд Трамптың Венесуэлаға әскер кіргізу туралы қоқан‑лоққысын «ессіз әрекет деп атады.

Венесуэла үкіметінің ақпарат хатшысы да осы елдің Сыртқы істер министрлігінің Дональд Трамптың Венесуэлаға әскер кіргізу туралы қоқан‑лоққысын айыптайтын мәлімдеме дайындап жатқанын мәлімдеді.