Талибан: Ауғанстан америкалықтар үшін молаға айналады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i30142-Талибан_Ауғанстан_америкалықтар_үшін_молаға_айналады
Талибанның ақпарат хатшысы АҚШ-қа өз әскерилерін Ауғанстаннан тез арада шығаруды сұрады.
(last modified 2025-10-02T08:25:16+00:00 )
Там 23, 2017 13:55 Asia/Almaty
  • Талибан: Ауғанстан америкалықтар үшін молаға айналады

Талибанның ақпарат хатшысы АҚШ-қа өз әскерилерін Ауғанстаннан тез арада шығаруды сұрады.

Сейсенбі күні Забихулла Моджахед АҚШ Президенті Дональд Трамптың Ауғанстанға көп әскер жіберу үшін мүмкіндік жасайтыны туралы сөздеріне реакция білдіріп: "Егер АҚШ Ауғанстаннан өз әскерилерін шығармаса, бұл ел америкалықтар үшін молаға айналады",-деді.

France-Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Забихулла Моджахед: "АҚШ соғысты жалғастырудың орнына артқа шегіну стратегиясын ойластырсын. Ауғанстанда АҚШ-тың бір сарбазы қалса да,  басқыншылармен соғыс жалғаса береді",-деді.

Трамп кеше кешке Вашингтонда сөйлеген сөзінде Ауғанстанда АҚШ әскерилері санының нақты қанша адамға арттыратынын айтпады. Алайда  АҚШ-тың жоғары лауазымды бір тұлғасы Трамптың Пентагонға сол елге 3900 сарбаз кіргізуге келісім  бергенін хабарлады.

Көптеген сарапшылардың пікіріне сәйкес, АҚШ-тың Ауғанстандағы әскери құзырының ондаған мың бейбіт тұрғынның өлімі мен осы елдің инфрақұрылымын қиратқаннан басқа нәтижесі болмады.