АҚХА-ның инспекторлары Иранның әскери орталықтарын тексеру үшін рұқсат алуы тиіс
АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Вашингтонның Теһранға қарсы бос уәждерін қайталап, Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі инспекторларының ИИР-дың әскери орталықтарын тескеруін сұрады.
АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейли Вашингтонның Теһранға қарсы бос уәждерін қайталап, Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі инспекторларының ИИР-ның әскери орталықтарын тексеруін сұрады.
Никки Хейли сәрсенбі күні АҚХА бас директоры Юкия Аманомен Венада кездесуінен кейін үнемі АҚШ үкіметінің қалауы болып келген "Ортақ қадам" бағдарламасын бұзу мақсатында жаңа жобаны бастады.
АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі жұма күні кешке халықаралық заңдар шеңберінен тыс үнемі АҚХА-мен әріптестік жасап келген ИИР-ға жасырын ядролық бағдарламалары бар деген айып тақты.
Никки Хейли осындай уәж айту арқылы халықаралық заңдар мен протоколдарға қайшы АҚХА инспекторларының Иранның әскери орталықтарында тексеру өткізуді талап етті.
Иран СІМ ақпарат хатшысы Баһрам Ғасеми жуырда АҚШ-тың жоғары лауазымды тұлғаларының Иранның әскери орталықтарын тексеруге негізделген әдеттегі арсыздықтарына жауап ретінде: "Америкалықтардың Иранның әскери орталықтарын тексеруге қатысты талабы саяси әжуа саналады",- деді.