Там 29, 2017 23:53 Asia/Almaty
  • Америкалықтар Иранның әскери орталықтарын тексеру мақсатын өздерімен бірге көрге әкетеді

Ислам Революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Велаяти "Америкалықтар "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының немесе басқа сылтаулармен Иранның әскери орталықтарын тексере аламыз деген мақсаттарын көрге әкетуі керек",-деді.

Ислам Революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Әли Акбар Велаяти сейсенбі күні Теһранда журналистердің ортасында сөйлеген сөзінде: "Иран аймақтағы қарсыласу қозғалысының басты өзегі ретінде ешбір жағдайда америкалықтарға және америкалық еместерге өзінің әскери-стратегиялық орталықтарын тексеруге жол бермейді",-деді.

Ислам Революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі, сондай-ақ, аймақтағы өзгерістерге тоқталып: "Аймақтағы өзгерістер Иранның одақтастары мен достарының жеңістерін көрсетуде. ИИР  қарсыласу майдандары мен одақтастарын қолдауды жалғастырады.

АҚШ пен сионистік режимнің қастандықтарына қарамастан, Сирияда жеңістер жылдамдап, үлкен жеңістердің арақашықтығы жақындай түсті. Кеше Башар Асадтың заңды үкіметін құлатқысы келген елдер бүгін оның заңды үкіметімен келіссөз өткізу үшін жол іздеуде» деді. 

 

 

Тегтер