Солтүстік Корея жаңа сутек бомбасын жасады
Қыр 03, 2017 19:34 Asia/Almaty
Солтүстік Корея жексенбі күні таңертең жойқын күшке ие сутек бомбасын жасағанын хабарлады.
Солтүстік Кореяның ресми ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, елдің басшысы Ким Чен Ын сол бомбаның құрлықаралық зымыранға орналастырылуын тамашалады.
Осы мәлімет бойынша, жүздеген килотонналық бұл сутек бомбасы өте жоғары биіктікте жарыла алады.
АҚШ пен Солтүстік Корея арасындағы текетірес соңғы күндері АҚШ Президенті Дональд Трамптың соғысқұмар қатынасынан кейін одан ары ушыға түсті.
Тегтер