Солтүстік Корея сутегі бомбасын сынақтан өткізгенін растады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i30444
Солтүстік Кореяның үкіметі сутегі бомбасын сынақтан сәтті өткізгені туралы хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 03, 2017 19:41 Asia/Almaty
  • Солтүстік Корея сутегі бомбасын сынақтан өткізгенін растады

Солтүстік Кореяның үкіметі сутегі бомбасын сынақтан сәтті өткізгені туралы хабарлады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Ким Чен Ын жексенбі күні құрылықаралық баллистикалық зымыранға орнатылатын сутегі бомбасын сынақтан өткізуді бұйырғанын айтты.

Солтүстік Корея сенбі күні ел жетекшісінің жоғары қирату күшіне ие сутегі бомбасын шығарғанын хабарлады.

Жапония Сыртқы істер министрі: «Бүгінгі 4,6 және 6,3 балдық жерсілкінісі  Солтүстік Кореяның ядролық сынағынан кейін орын алды. Жапония Пхеньянге ресми наразылығын жариялады»,- деп мәлімдеді.

Келесі бір мәлімет бойынша Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэ «Пхеньянның ядролық сынағының ешбір түрін қабылдауға болмайды. Жапония келесі ядролық сынаққа төзе алмайды»,- деп баса айтты.