Америкалық аналитикалық орталық Иранның аймақтағы ықпалды рөлін қуаттады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i30539-Америкалық_аналитикалық_орталық_Иранның_аймақтағы_ықпалды_рөлін_қуаттады
Америкалық аналитикалық орталық есебінде ИИР-ның аймақ өзгерістеріндегі рөлін әсерлі әрі маңызды деп атады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 07, 2017 14:20 Asia/Almaty
  • Америкалық аналитикалық орталық Иранның аймақтағы ықпалды рөлін қуаттады

Америкалық аналитикалық орталық есебінде ИИР-ның аймақ өзгерістеріндегі рөлін әсерлі әрі маңызды деп атады.

Soufan Groups аналитикалық орталығы сәрсенбі күнгі есебінде Иранның Таяу Шығыс аймағындағы мәртебесі мен орнының соңғы бірнеше жылғы оқиғалардан кейін арта түскенін жазды.  

Америкалық аналитикалық орталықтың есебінде Иранның одақтастарының майдандық жетістіктері мен олардың дұшпандарының сәтсіздіктері осы елдің Таяу Шығыс аймағындағы ықпалының көзге түсерліктей артуына себеп болғаны жазылып: «Иранның аймақтағы қарсыласу ағымындағы қолдаулары мен демеушіліктері әсерлі фактор болды» деп қуаттады.

Нью-Йоркте орналасқан Soufan Groups аналитикалық орталығы дипломаттар мен армияның жоғары шенділері мен әртүрлі елдердің қауіпсіздік күштерінің топтарын пайдаланады.