Қазақстандықтардың ресейліктерге қарағанда сатып алу қабілеті жоғары
Қыр 07, 2017 14:35 Asia/Almaty
Ресей үкіметіне қарасты зерттеу орталығы Мәскеудің экономикалық дағдарыс салдарынан сатып алу қабілеті тұрғысынан ТМД арасындағы бақуатты елдердің тізіміндегі біріншілікті Қазақстанға бергенін хабарлады.
Осы орталық сарапшысының сөзіне сәйкес, бүгінде Қазақстандағы тұтынушылардың орташа қаржысы Ресей азаматтарының қаржысынан 16 пайызға артық. Бұл көрсеткіш болашақта арта түседі. Өткен жылы әрбір қазақстандық өзінің жеке басына 13.8 мың доллар, Ресей азаматы 11.9 мың доллар жұмсаған.
Тегтер