Қазақстан мен Тәжікстан және Ресейде ТМД елдерінің ортақ жаттығулары өтіп жатыр
(last modified Mon, 11 Sep 2017 08:53:37 GMT )
Қыр 11, 2017 14:53 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Тәжікстан және Ресейде ТМД елдерінің ортақ жаттығулары  өтіп жатыр

ТМД-ға мүше алты мемлекеттің ортақ әскери жаттығулары Қазақстан, Ресей және Тәжікстан елдерінің әскери базаларында өтуде.

Ортақ жаттығуларға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғыз республикасы, Ресей мен Тәжікстан елдерінің қарулы күштері қатысуда. «Жауынгерлік достастық-2017» аты оқу-тактикалық жаттығулар тамыз айының 14 басталып, қыркүйектің 22 дейін жалғасады. Жаттығулар Қазақстанның «Сарышаған», Ресейдің «Ашулук» және Тәжікстанның  «Харб майдон» полигондарында өтіп, ТМД елдерінің әуе-қорғаныс күштері лаңкестік және қарулы қақтығыстарға қарсы күрес әрекеттерін іске асырады. Жаттығулардың бағдарламасына сәйкес, қыркүйектің 10-нан бастап, әуе шабуылына қарсы С-300, С-75, С-125, С-200 жүйелерінен ату басталды. Жаттығулар жыл сайын өткізілгенімен, биылғы мақсаты халықаралық жағдайға байланысты болып, аймақтың қауіпсіздік жағдайына, әсіресе ТМД елдері мен Ауғанстанның шекарасына төніп отырған қауіп-қатермен қарсыласуды көздеді. Бұл жаттығулардан бұрын ТМД мүшелері өз әуе күштерінің әрекеттестігін арттыру және дұшпанның ықтималды шабуылы кезінде  қорғаныс бақылауын орнату үшін ортақ әуе-қорғаныс маневрлерін өткізген болатын. Аталмыш маневрге мүше жеті елдің әскерилері қатысып, бір уақытта 130 орталықта 100 әскери ұшақтың қатысуымен өтті. Қазіргі жаттығуларға Өзбекстан қатыспайды.

Негізінде ТМД елдерінің жыл сайын өтетін жаттығулары бұл қоғамға мүше елдердің ортақ әуе қорғаныс қалқан құру талпынысын көрсетеді.

ТМД елдерінің біртұтас әуе-қорғаныс жүйесі 1995 жылдың ақпан айының 10 күні аталмыш ұйымға мүше мемлекеттердің әуе кеңістігін қорғау және зымырандық шабуыл туралы жедел ескерту жасау мен ықтималды әуе қоқан-лоққыларын залалсыздандыруға қажет шаралар қолдану мақсатында құрылды.  Сонымен қатар мүше елдер күштерінің әскери жабдықтарды жеке және ұжымдық пайдалануына, сондай-ақ, кез-келген қоқан-лоққымен қарсыласуға дайын болу мәселелері қарастырылды. Өйткені, жылдан жылға жаттығуларда пайдаланған жабдықтар мен әуе қорғаныс қарулары өзгеріп, артуда. Сондай-ақ, ТМД елдерінің күштері ортақ қорғаныс мүмкіндіктерден хабардар болып, сенімділіктері артады. Осыған орай өткен жаттығуларда Су-27, МиГ-29, МиГ-31,  Су-24, Су-34, Су-25, Ту-22, Ту-160, Ту-95, К-27, М-8 әскери ұшақтар мен тікұшақтар, сондай-ақ электрондық соғыс күштері мен әуе-қорғаныс жүйелері қолданылса, қазіргі жаттығуларға Ресей алыс қашықтыққа арналған Ту-160, Ту-95МС, бомба атқылаушы Ту-122М3 ұшақтарын ұсынып отыр.

Кейде жаттығуларда пайдаланған әскери жабдықтар аймақ пен әлемнің ағымдағы өзгерістерін білдіреді. Барак Обаманың президенттік кезеңінің соңғы айлары мен  Дональд Трамптың билік басына келуіне байланысты АҚШ пен Ресей арасындағы қайшылықтар ТМД елдерінің әуе-қорғаныс әрекеттестігін арттыру жаттығуында пайдаланып отырған қаруларға өз әсерін тигізді.

Бұл кезең «қырғи-қабақ» соғысы мен халықаралық қауымдастықтың қарулы бейбітшілік кезеңдерін еске түсіреді. Олар бүгінде халықаралық қарым-қатынастарда өзге түрде байқалуда.

 

 

Тегтер