Ресей Қазақстанға 12 СУ-30 қырғи ұшағын сатады
Ресей Президентінің әскери және техникалық істер жөніндегі орынбасары елінің Қазақстанмен жасаған келісімі негізінде Астанаға 12 СУ-30 қырғи ұшағын сататыны жайында хабарлады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей Президентінің әскери және техникалық істер жөніндегі орынбасары Владимир Кожин Қазақстанмен жасалған келісім негізінде Астанаға 12 СУ-30 қырғи ұшағын сататынын хабарлап: "Бұл келісімге Ресей жерінде өткен «Армия-2017» халықаралық әскери-техникалық форумы аясында қол қойылды.
Қырғи ұшақтарды Қазақстанға тапсыру үш жыл ішінде бірнеше кезеңде жүзеге асады",-деді.
Ресейдің лауазымды тұлғасының сөзіне сәйкес, аталған келісім 2013 жылдан бері келе жатқан әскери және техникалық саладағы ынтымақтастық шеңберінде Ресейдің "Иркутс", Қазақстанның «Казспецэкспорт» компаниялары арасындағы тікелей байланысты қамтитын екі елдің келісімі аясында жасалып отыр.
СУ-30 қырғи ұшақтары – Ресейдің кез келген ауа-райы жағдайында әскери амалдар жасауға жобаланған көп мақсатты өнімдерінің бірі.