Түркіменстанда жабық ғимараттағы Азия ойындары қалашығында Иранның туы көтерілді
Түркіменстанның астанасы Ашхабад қаласында жабық ғимараттағы және жауынгерлік өнерлерден 2017 жылғы Азия және Океания ойындарының қалашығында ИИР-ның туын көтеру рәсімі өтті.
ИИР-ның туы жұма күні кешке ирандық спортшылар керуенінің жетекшісі Асғар Рахими, жаттықтырушылар мен бірқатар спортшылардың қатысуымен көкке көтерілді. Осылайша ирандық спортшылар керуенінің Ашхабадтағы ойындарға қатысатыны ресми түрде жарияланды.
Жабық ғимараттағы ойындардың бұл кезеңі Азия және Океанияның 69 елі өкілдерінің қатысуымен 17-27 қыркүйек аралығында Ашхабадта өтеді. Иран спорттың 20 түріне қатысады.
Бұл ойындардың Оңтүстік Кореяда өткен кезеңінде Иранның 82 спортшыдан тұратын керуені 3 алтын, 6 күміс және 2 қола жүлде алып, алтыншы орынға тұрақтаған болатын.