Ресей: Солтүстік Кореяның ядролық бомбасы Американың шабуылына тосқауыл болды
(last modified Mon, 25 Sep 2017 11:39:59 GMT )
Қыр 25, 2017 17:39 Asia/Almaty
  • Ресей: Солтүстік Кореяның ядролық бомбасы Американың шабуылына тосқауыл болды

Ресей Сыртқы Істер Министрі Солтүстік Кореяның ядролық бомбасының Американың осы елге әскери шабуыл жасауға тосқауыл қойғанын айтты.

Ресей Сыртқы Істер Министрі Сергей Лавров Ресейдің НТВ телеарнасына берген сұхбатта егер Америка Солтүстік Кореяның қазіргі жағдайына анализ жасамаса, болжау қиын жағдай орнап, Солтүстік Корея мен Жапонияның жүздеген, мыңдаған күнәсіз халқы зардап шегуі мүмкін екендігін айтты.

Лавров сонымен қатар 2003 жылғы Американың Иракқа жасаған шабуылына тоқталып: «Ол кезде Иракта БҰҰ-ның комиссиясы жұмыс істеген болатын. Олар Ирактың барлық орталықтарын тексерді, бірақ, олар «Бағдад жаппай қырып-жоятын қаруларды жою туралы талаптарды толық орындаған жоқ» деп жалған мәлімдеме жасады. Комиссия басшылары осындай өтірік айтып, үлкен күнәға батты» деді.