Путин мен Назарбаев Астанада өткен Сирия келіссөздері туралы сөйлесті
https://parstoday.ir/kz/news/world-i31129-Путин_мен_Назарбаев_Астанада_өткен_Сирия_келіссөздері_туралы_сөйлесті
Ресей Президенті Қазақстан Президентімен телефон арқылы сөйлесіп, Астана келіссөздерінің Сирия дағдарысын шешуде маңызды рөл атқарғанын қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 26, 2017 11:31 Asia/Almaty
  • Путин мен Назарбаев Астанада өткен Сирия келіссөздері туралы сөйлесті

Ресей Президенті Қазақстан Президентімен телефон арқылы сөйлесіп, Астана келіссөздерінің Сирия дағдарысын шешуде маңызды рөл атқарғанын қуаттады.

«ТАСС» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Ресей Президенті Владимир Путин  мен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы сөйлесіп, Астана форматының Сириядағы қақтығыстарды тоқтату мен гуманитарлық жағдайды жақсартуда маңызды рөл атқарғанын баса айтты.

Кремльдің қоғамдық қарым-қатынастар бөлімі дүйсенбі күні: «Сұхбатта ел басшылары екіжақтың қарым-қатынастары мен ынтымақтастықтарындағы кейбір маңызды мәселелер, соның ішінде дамыған технологиялар өндірісі саласына қатысуды арттыру туралы сөйлесті»,- деп мәлімдеді.

Қыркүйектің 14-15 күндері Сирия мәселесіне қатысты Астанада өткен алтыншы отырысқа Сирия үкіметінің, атысты тоқтатуды қабылдаған қарулы наразы топтардың, сонымен қатар, Сириядағы бейбітшілікке кепілдік беруші Иран, Ресей және Түркия елдерінің өкілдері  қатысты.