Қазақстан мен Ресейдің транзиттік поездарында шекаралық бақылау жойылды
Қыр 26, 2017 16:35 Asia/Almaty
Мәскеудегі ҚР-ның елшілігі осы елдің Ресеймен екі ел арасындағы транзиттік поездардағы шекаралық бақылауды жою жөнінде келісімге қол қойылғанын хабарлады.
Келісімге қыркүйектің 22 күні екі елдің тиісті басшылары қол қойды. Мұндай қадамдардың сауда, туристік әріптестіктердің дамуы мен екі аймақтың шекара тұрғындарының қарым-қатынасының жеңілдеуіне ұластыратыны күтіледі.
Келісім аясында бүгін, яғни қыркүйектің 26 бастап Қазақстанның "Астана-Орал" және "Орал-Астана" бағытындағы жолаушы тасымалдайтын "Тұлпар-Тальго" пойызы жұмысын бастайды.
Тегтер