Ресей Ирактың біртұтастығының жалғасуын құптайды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i31185-Ресей_Ирактың_біртұтастығының_жалғасуын_құптайды
Ресей Ирактың біртұтастығының жалғасуын құптап, осы елдің үкіметі мен Күрдістан аймағынан келіссөз жүргізуді сұрады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 27, 2017 18:10 Asia/Almaty
  • Ресей Ирактың біртұтастығының жалғасуын құптайды

Ресей Ирактың біртұтастығының жалғасуын құптап, осы елдің үкіметі мен Күрдістан аймағынан келіссөз жүргізуді сұрады.

Ресей Сыртқы істер министрлігі мәлімдемеде Ирактың Күрдістан аймағының бөлінуі туралы референдумға сілтеме жасап, Таяу Шығыс аймағында тұрақсыздықты арттыратын кез келген қауіпті әрекеттен бой тарту қажеттігін қуаттап: «Мәскеудің Ирак пен Таяу Шығыстағы басқа елдердің тәуелсіздігі мен біртұтастығы және жер тұтастығы құқығын қолдаудағы ұстанымы өзгерген жоқ, тұрақты» деді.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде  сондай-ақ, Мәскеудің күрдтердің арманын құрметтейтіндігіне сілтеме жасалып, Ирак пен Күрдістан аймағы арасындағы қайшылыққа ие барлық мәселелердің құрметке негізделген сындарлы диалогтар, сонымен қатар, елдің біртұтастығын сақтау үшін екі ел де қабылдайтын әдіспен шешілуі қажеттігі айтылды.  

Ирактың Күрдістан аймағының бөлінуі жөніндегі референдум АҚШ-пен сионистік режимнен басқа дүниежүзінің көптеген елдерінің үзілді-кесілді қарсылықтарына қарамастан, кеше 25-ші қыркүйекте өтті.