Иранның Амир Кабир университеті дүниежүзілік Chemical electrical car чемпионатының жеңімпазы атанды
Қаз 03, 2017 06:04 Asia/Almaty
Иранның Амир Кабир технологиялық университетінің электронды химиялық автокөліктер командасы Испанияның Барселона қаласындағы Chemical electrical car дүниежүзілік автокөліктер конкурсында чемпион атанды.
Иранның Амир Кабир университетінің командасы бірнеше елден келген командалар арасындағы бәсекелестікте бірінші орынды иеленді. Chemical electrical car чемпионаты – әлем деңгейінде жыл сайын өтетін инженерлік-химия факультеттері студенттеріне арналған шығармашылық жарыс. Бұл чемпионат АҚШ-тың Химия ассоцияциясының қолдауымен жыл сайын өткізіледі. Аталмыш чемпионаттың алғашқы кезеңі 1999 жылы осы елдің Мичиган қаласында өтті.
Тегтер