Ресейде телефондық лаңкестік оқиғаларды ұйымдастырушылар анықталды
Ресейдің қауіпсіздік қызметінің басшылары өткен айда бомба қойылғаны туралы телефондық лаңкестіктің негізгі ұйымдастырушыларын елдегі бір топ сыбайластарының көмегімен жүзеге асырған Ресейдің шетелде тұратын төрт азаматы деп атады.
РФ Федералды қауіпсіздік қызметінің басшысы Александр Бортников барлау және қауіпсіздік қызметі мен елдің әскери күштер басшыларымен өткен отырыста егжей-тегжейін түсіндірместен шетелдегі төрт Ресей азаматының елдегі бір топ сыбайластарымен телефондық лаңкестік жасау үшін бірлескені туралы хабарлады. Ресейдің қауіпсіздік қызметінің басшылары елдегі және одан тыс осындай адамдарды анықтап, оларды құрықтау үшін талпыныс жасап жатыр.
Ресейдегі бомба қойылғаны туралы телефондық лаңкестік жағдайлар осы жылдың қыркүйек айының басында белгісіз адамдар тарапынан елдің түкпір-түкпіріндегі тұрғын үй және маңызды сауда орталықтардың ғимараттарында ұйымдастырылды. Соның салдарынан Ресейдің 120 қаласында шамамен 800 мың адам үйлерінен қауіпсіз жерлерге эвакуцияландырылды.