Тбилисиде Иран мен Грузияның Ортақ экономикалық комиссиясы сарапшыларының отырысы басталды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i31543-Тбилисиде_Иран_мен_Грузияның_Ортақ_экономикалық_комиссиясы_сарапшыларының_отырысы_басталды
Бүгін, дүйсенбі күні Тбилиси қаласында екі елдің экономика саласындағы 30 маманның қатысуымен Иран мен Грузияның Ортақ экономикалық комиссиясы сарапшыларының алтыншы отырысы өз жұмысын бастады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 10, 2017 06:01 Asia/Almaty
  • Тбилисиде Иран мен Грузияның Ортақ экономикалық комиссиясы сарапшыларының отырысы басталды

Бүгін, дүйсенбі күні Тбилиси қаласында екі елдің экономика саласындағы 30 маманның қатысуымен Иран мен Грузияның Ортақ экономикалық комиссиясы сарапшыларының алтыншы отырысы өз жұмысын бастады.

Бүгін, дүйсенбі күні Тбилисиде екі елдің экономика саласындағы 30-дан астам маманның қатысуымен Иран мен Грузияның Ортақ экономикалық комиссиясы сарапшыларының алтыншы отырысы өз жұмысын бастады.

ИИР-ның Грузиядағы елшісі Сейед Джавад Ғавам Шаһиди Тбилисидегі Иран мен Грузияның ортақ экономикалық комиссиясы сарапшыларының отырысы жайында: "Бұл комиссияда әртүрлі ұйымдардың атынан 30 сарапшы қаржы, банк, медицина, ауыл шаруашылығы салаларына байланысты тақырыптарды мамандандырылған топтарда қарастырады. Соңында қорытынды құжат әзірленіп, оған Иран мен Грузияның ортақ комиссиясының басшылары қол қояды.

Энергия және электр қуатымен алмасу, Грузияда мұнай өңдеу зауытын салып, оны шикізатпен қамтамасыз ету, сондай-ақ Парсы шығанағын Қара теңізге қосатын «Солтүстік-оңтүстік» дәлізін салу туралы жаңа келіссөздер аймақтың келбетін өзгертеді. Осы уақытқа дейін Иран мен Грузия арасында ортақ экономикалық комиссияның бес отырысы өтті» деді.