Лариджани: Лаңкестік – әлемдік қатер
Иранның исламдық кеңес мәжілісінің төрағасы лакңестікті әлемнің барлық елдері үшін үлкен қатер деп атап, осы сұм құбылыспен күресу үшін әлемдік ерік-жігердің қажеттігін қуаттады.
Али Лариджани Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтіп жатқан әлемдік парламентаралық одақтың 137-ші саммиты аясында Нигерияның Сенат парламентінің төрағасы Букола Саракимен кездесуінде Иран мен Нигерияның әртүрлі салаларда, әсіресе мұнай-газ саласында жақсы серіктестік жасай алатынын айтты.
Нигерияның Сенат төрағасы Букола Сараки де кездесуде «Иран қазіргі таңда лаңкестікпен күрестің алдыңғы шебінде тұр. Әлемнің басқа елдері де Иран сияқты осы үлкен қатерді шынайы санауы керек» деп, елінің Иранмен елінің барлық салаларда, әсіресе экономика мен парламенттік салалардағы байланыстарын кеңейтуді қалайтынын мәлімдеді.