Ресей мен Қазақстан және Өзбекстан Президенттері Сооронбай Жээнбековті құттықтады
Ресей Федерациясының Президенті Сооранбай Жээнбековті Қырғызстан Республикасының Президенттігі сайлауындағы жеңісімен құттықтады.
«Фарс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Жээнбековке жіберген құттықтау хатта: "Сайлау нәтижелері сіздің қырғыз халқы алдындағы жоғары беделіңізді растап, халықтың Қырғызстанның әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешудегі рөліңізді танитынын көрсетеді", -деді.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жээнбековты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтаған хатта: "Сіздің басшылығыңызбен Қырғызстанның даму жолында жаңа жетістіктерге жететіндігіне сенемін. Қазақстан мен Қырғызстанның өзара тиімділікке негізделген әріптестік қарым-қатынастарының болашақта да екі елдің мүддесіне қарай одан ары арта түсетіндігіне үміттенемін» деді.
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің те Сооранбай Жээнбековке жазған құттықтауында: "Сіздің Қырғызстан Республикасының Президенті болып сайлануыңызға орай жіберген риясыз құттықтауымды қабыл алыңыз. Сізді Өзбекстанда Қырғызстанның даму жолында көршілес елдермен достық және бейбіт қарым-қатынасты нығайтушы, белсенді әрі тәжірибиелі адам ретінде таниды",-деді.