Юкиа Амано Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына беріктігін тағы растады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i31849-Юкиа_Амано_Иранның_Ортақ_қадам_жан_жақты_бағдарламасына_беріктігін_тағы_растады
АҚХА-нің Бас директоры Иранның əрдайым "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты міндеттемелерін орындап келгенін тағы растады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 20, 2017 14:23 Asia/Almaty
  • Юкиа Амано Иранның

АҚХА-нің Бас директоры Иранның əрдайым "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты міндеттемелерін орындап келгенін тағы растады.

Иран Телерадио бірлестігінің Парижден хабарлауы бойынша, Юкиа Амано бейсенбі күні Парижде Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Ив ле Дрианмен кездесуінде АҚШ Президентінің Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына берік болмағаны туралы соңғы уəждеріне реакциясында: "Иран бағдарлама аясындағы барлық ядролық міндеттемелерін орындады. Біз осы уақытқа дейін тексерілуі тиіс барлық нысандарға қолжетімділікке ие болдық",-деді.

Баспасөз конференциясында Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Ив ле Дриан Иранның Вена ядролық келісімінен ауытқымағанын қуаттап: «Осы уақытқа дейін Иран ядролық салада еш ауытқушылық жасаған жоқ. АҚХА-нің растауымен Иранның ядролық жұмыстарына қатысты ешқандай алаңдаушылықтың жоқ екендігіне сенімдіміз",-деді.