Иран мен Өзбекстан тасымал саласындағы әріптестіктерін кеңейтеді
Иранның Жол және қала құрылысы министрі мен Өзбекстанның Сыртқы сауда министрі екі елдің тасымал саласындағы әріптестіктерін кеңейтуді қуаттады.
Иранның Жол және қала құрылысы министрі Аббас Ахунди Өзбекстанның Сыртқы сауда министрі Елиор Ғаниевпен Теһрандағы кездесуде Иранның Машһад-Ташкент бағытындағы жолаушылар поезын іске қосуға әзірлігін хабарлап: "Иран мен Өзбекстан темір жол және автокөлік тасымалы саласында жақсы қарым-қатынасқа ие. Екі ел жағдайды жақсартып, қарым-қатынастарды одан әрі жеңілдету үшін қадамдар жасауы керек",-деді.
Ахунди сонымен қатар Теһранның Ашхабад келісіміндегі мемлекеттердің санын арттыруға және Өзбекстан-Түркіменстан-Иран-Оман дәлізінің құрылысына әзірлігін мәлімдеп: "Иран бұл келісімдегі елдердің санының артуына еш қарсылық білдірген емес, тек осы дәліздегі нақты әрі ортақ тарифті талап етеді",-деді.
Өзбекстанның Сыртқы сауда министрі Елиор Ғаниев та кездесуде өз елінің Иранмен тасымал саласындағы қарым-қатынасын арттыруды қалайтынын қуаттап: "Өзбекстан Ауғанстанның ұлттық темір жол жобасын аяқтап, пайдалануға беруге өте ынталы. Себебі, бұл Иран мен Өзбекстан және Ауғанстан үшін де пайдалы»,-деді.
Иран мен Өзбекстан арасындағы жылдық тауар айналымының көлемі шамамен 420 млн долларды құрайды. Екі ел оның жылдық көлемін 1 млрд долларға арттырғысы келеді.