Астрахань губернаторы Иранмен ынтымақтастықтарды кеңейтуге дайын екенін мәлімдеді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i31929-Астрахань_губернаторы_Иранмен_ынтымақтастықтарды_кеңейтуге_дайын_екенін_мәлімдеді
Ресейдің Астрахань облысының губернаторы Иранмен экономикалық және сауда салаларындағы ынтымақтастықтарын кеңейтуге дайын екенін хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 25, 2017 11:42 Asia/Almaty
  • Астрахань губернаторы Иранмен  ынтымақтастықтарды кеңейтуге дайын екенін мәлімдеді

Ресейдің Астрахань облысының губернаторы Иранмен экономикалық және сауда салаларындағы ынтымақтастықтарын кеңейтуге дайын екенін хабарлады.

Астрахань губернаторы Александр Жилкин сейсенбі күні Ресейдегі Иран елшісі Меһди Санаи және ИИР-ның Сауда, өнеркәсіп, кен және ауылшаруашылық палатасының басшысы Ғоламхосейн Шафеимен кездесуінде Астраханьда Иранның сауда орталығының ашылуына тоқталып, орталықтың екі елдің сауда қарым-қатынастарын жақсарту мақсатында құрылғанын айтты.

Меһди Санаи кездесуде Иран мен Ресей қарым-қатынастарын жақсы әрі ілгерілеуде деп бағалап, Иранның да Ресеймен ынтымақтастықтарын кеңейтуге әзірлігін қуаттады.

Ресейдегі Иран елшісі Үндістан мен Ираннан Ресей мен еуропалық елдерге шығатын солтүстік-оңтүстік халықаралық дәліз туралы тоқталып, солтүстік-оңтүстік халықаралық дәлізінен Иран мен  Ресей және Үндістанның пайда көретінін айтты.

ИИР-ның Сауда, өнеркәсіп, кен және ауылшаруашылық палатасының басшысы Ғоламхосейн Шафеи де: "Иранның Ресей және Каспий жағалауындағы басқа елдер арасындағы қарым-қатынастары түбейгейлі өзгеріс үстінде",- деді.

Сейсенбі күні Астраханьда Меһди Санаи мен Ғоламхосейн Шафеидің қатысуымен "Каспий бизнесі" атты Сауда палаталары ынтымақтастығы халықаралық кеңесінің 16-шы отырысы өтті. Отырыста бұл аймақтағы елдердің сауда және экономикалық ынтымақтастықтарын кеңейту қуатталды.

Аталмыш отырысқа Каспий теңізі жағалауының бес елі, атап айтқанда Иран, Ресей, Түркіменстан, Қазақстан және Әзірбайжан елдерінің жауапты тұлғалары мен сауда палаталарының басшылары қатысты.