Ұлыбритания Палестинаны басып алуға қатысы болғанын мойындады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i31945-Ұлыбритания_Палестинаны_басып_алуға_қатысы_болғанын_мойындады
Ұлыбританияның Премьер-министрі Израиль режимін қолдауды жалғастыратынын қуаттап, жалған режимді құруды Ұлыбритания үшін ұлттық мақтаныш деп атады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 26, 2017 14:41 Asia/Almaty
  • Ұлыбритания Палестинаны басып алуға қатысы болғанын мойындады

Ұлыбританияның Премьер-министрі Израиль режимін қолдауды жалғастыратынын қуаттап, жалған режимді құруды Ұлыбритания үшін ұлттық мақтаныш деп атады.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ұлыбританияның Премьер-министрі Тереза Мэй сәрсенбі күні осы ел Парламенті Өкілдер палатасының отырысында "Бальфур" хатының жарияланғанына жүз жыл толуы қарсаңында: "Осы режимді құруда өз елімнің рөл атқарғанын мақтаныш етемін. Ұлыбританияның сионистік режиммен жақсы қарым-қатынасына ризамын",-деді. 

1917 жылдың 2 қарашасында Ұлыбританияның сол кездегі Сыртқы істер министрі Артур Джеймс Бальфур осы елдің Өкілдер палатасының мүшесі  еврей саясаткері барон Уолтер Ротшильдке хат жазып, оған Палестина жерінде Израильдің сионистік режимін құруға рұқсат берді.

Әлемнің түкпір-түкпірінде Палестина халқының азаматтық құқықтарын қорғаушы ондаған топ әрдайым Ұлыбритания үкіметінен сол хат пен жалған Израиль режимін  құруға жағдай жасағаны үшін әлем халықтарынан, әсіресе Палестина халқынан кешірім сұрауды талап етіп отырған жағдайда Тереза Мэй осы тарихқа қарсы шараның жылдығымен бір мезгілде Израильдің жалған режимінің құрылғанын қолдады.

Осы топтардың шақыруымен Ұлыбританияда 4 қарашада Палестина халқын қолдап, Бальфур келісімі мен Израиль режимінің қылмыстарын айыптауға бағытталған  бүкілхалықтық шеру өтеді деп жоспарлануда.