Ахунди Александр Новакпен кездесті
Иранның Жол және қала құрылысы министрі Аббас Ахунди жұма күні Мәскеуде Ресейдің Энергетика министрі Александр Новакпен кездесіп, екі елдің барлық салалардағы, әсіресе экономика, өнеркәсіп пен энергетика салаларындағы ынтымақтастықтарын кеңейту қажеттігін қуаттады.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Ресейдің Энергетика министрі және Иран мен Ресейдің бірлескен ынтымақтастықтар комиссиясының басшысы кездесуде екі ел басшыларының тұрақты түрде бір-бірімен байланысып тұратындығына сілтеме жасап: "Ресей мен Иранның әртүрлі салалардағы, соның ішінде энергетика және тасымал саласындағы ынтымақтастықтары дамып келеді. Осы салаларда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік",- деп мәлімдеді.
Аббас Ахунди кездесуде Иран мен Ресей ынтымақтастықтарының қарқынды даму үдерісіне тоқталып, екі ел қатынастары дамуының қазіргі қарқынын қанағаттандырарлық деп бағалады.
Иранның Жол және қала құрылысы министрі сонымен қатар темір жол саласын, әсіресе жүк вагондары саласын Иран мен Ресейдің ынтмақтастық жасап жатқан салаларының ішіндегі ең маңызды бөлімі ретінде атады.
Аббас Ахунди жұма күні Ресей Темір жолдары компаниясының төрағасы Олег Белозеровпен кездесіп, "Гармсар-Инчебурун" темір жол желісін электрлендіру туралы келісімді қорытындылау қажеттігін қуаттады.