Иранның ядролық қарусыздану туралы ұсынған қарары бекітілді
ИИР-ның ядролық қарусыздану туралы ұсынған қарары АҚШ пен оның одақтастарының қарсылығына қарамастан, БҰҰ Бас ассамблеясының Ядролық қарусыздану комитетінде 112 елдің оң дауысымен бекітілді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ядролық қаруларды таратуға тыйым салу келісімі (NPT хаттамасы) аясында ядролық қарулары бар елдерге ядролық қарусыздануға қатысты міндеттемелерін орындауды талап еткен бұл қарар сенбі күні 112 елдің оң дауысымен бекітілді.
Қарардың тақырыбы 1995, 2000 және 2010 жылдарда NPT хаттамасына мүше елдердің қайта талқылау конференцияларында қабылданған міндеттемелерді орындауды қадағалауға негізделген. Оның алғынұсқасы Иран делегациясы тарапынан БҰҰ-ның ядролық қарусыздану және халықаралық қауіпсіздік комитетіне ертерек жіберілген болатын.
Аталмыш қарар АҚШ, сионистік режим, Еуроодаққа мүше елдер мен АҚШ-тың бірнеше батыс одақтасының қарсылығына қарамастан, Қарсыласу қозғалысына мүше елдердің басым көпшілігінің оң дауысымен бекітілді.
Қарарда ядролық қаруларға ие елдерден халықаралық бақылау аясында кейін қайта алмайтын ашық принцип негізінде өздерінің ядролық қарулары сақталған қоймаларын толығымен жою туралы міндеттемелерін орындау үшін тиісті шара қолдануды жылдамдату талап етілген.