Мәскеуде исламтану және ислам теологиясы бойынша оныншы халықаралық конференция басталды
Қаз 30, 2017 19:59 Asia/Almaty
Исламтану және теология бойынша оныншы халықаралық конференция Мәскеуде басталды.
Конференцияға Иран, Ресей, Қытай, Индонезия, Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Ирак, Оман, Мысыр, Сирия, Кувейт, Палестина, Бахрейн мен Бруней елдерінен келген діни жоғары делегациялар қатысып отыр. Конференцияның тақырыбы «Исламдық бірлік, бейбітшілік және қауіпсіздік» деп аталды. Конференция он жыл бойы қатарынан өткізіліп келеді.
Тегтер