НАТО-ның бас хатшысы Солтүстік Кореяға ескерту жасады
Солтүстік Атлантикалық Келісім Ұйымының (НАТО) бас хатшысы осы әскери ұйымның Солтүстік Кореяның әрекеттерімен күресуге әзірлігін мәлімдеді.
НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столенберг Оңтүстік Кореяда өткен бір баспасөз конференциясында: "НАТО өзінің әскери әлеуетін Солтүстік Кореяға қарсы пайдалануға әзір.
НАТО кез-келген шабуылды тежейтін қабілет пен ерік-жігерге ие. Бұл осы ұйымның қырғи қабақ соғысында баллистикалық зымырандардың қауіп-қатерлерін басқарған тәсілі болып табылады. НАТО дәл осы тәсілі арқылы Солтүстік Кореяның бүгінгі ядролық қоқан-лоққыларына жауап бере алады",-деп мәлімдеді.
НАТО-ның бас хатшысының сөздері АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Кореяға әскери шабуыл жасау туралы қоқан-лоққы жасаған жағдайда айтылды. Солтүстік Кореяның басшылары АҚШ-тың ықтималды әскери әрекеттеріне қарсы тұруға әзірліктерін әрдайым мәлімдеп келеді.