Иран мен Ресей университеттері арасында студенттермен алмасу артады
Теһран университетінің ректоры Мохаммад Нили Ахмадабади болашақта Ресейдің ірі университеттерімен студент алмасу бағдараламасына қатысатын ирандық студенттер санының артатынын баяндап: "Белгілі бір салаларда бірлескен ғылыми оқу-курстарын өткізуді арттырумен қоса, оқытушылар мен студенттер алмасу бағдарламасы да жүзеге асырылады.
Иран мен Ресейдің қатынастары саяси-өркениеттік қарым-қатынастармен қатар қадам басып, тіпті саяси қатынастарды нығайтушы негізге айналды. Екі ел арасындағы ғылыми әріптестіктердің дамуының айқын мысалы ретінде Мәскеуде өткен Иран мен Ресейдің ірі университет басшыларының бірлескен отырысын атауға болады.
Иран мен Ресей жоғары оқу орындарының оқытушылары және студенттермен алмасу, бірлескен оқу-курстарын өткізу мен ортақ жобаларды жүзеге асыруды қамтитын ортақ ынтымақтастықтар саласында атқарған жұмыстарын зерттеу олардың көптеген жетістіктерге жеткенін көрсетіп отыр.
Иран мен Ресейдің ең үздік университеттерінің бірлескен үшінші форумы университеттердің ортақ әрекеттері мен жетістіктерінің нәтижелерін көрсетіп, алмасып, бір-бірінің тәжірибелерін пайдалану арқылы әріптестіктерін арттыруға мүмкіндік тудырды.
Бұл университет Ресейдің ЖОО-дарымен әріптестіктерін қалыптастырып, арттырып жатыр",- деді.
Иранның үздік университттері мен Ресейдің ең мықты университеттері одағының басшылары бас қосқан үшінші форум 2017 жылы қазанның жиырма жетісі күні Мәскеу Мемлекеттік университетінде өтті.