Солтүстік Осетия республикасының Мемлекеттік университетінде парсы тілін үйрететін курс ашылды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i32172-Солтүстік_Осетия_республикасының_Мемлекеттік_университетінде_парсы_тілін_үйрететін_курс_ашылды
Ресейдің Солтүстік Кавказ аймағындағы Солтүстік Осетия республикасының Мемлекеттік университетінде парсы тілін үйрететін курс ашылды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 10, 2017 15:25 Asia/Almaty
  • Солтүстік Осетия республикасының Мемлекеттік университетінде парсы тілін үйрететін курс ашылды

Ресейдің Солтүстік Кавказ аймағындағы Солтүстік Осетия республикасының Мемлекеттік университетінде парсы тілін үйрететін курс ашылды.

Солтүстік Осетия республикасы Мемлекеттік университетінің баспасөз қызметі университеттің ирандық мәдени орталығында студенттер мен ұстаздар үшін парсы тілін үйрететін және Фирдоусидің «Шахнама» кітабын оқытатын курс ашылғанын хабарлады.

Солтүстік Осетия республикасының мемлекеттік университетінде парсы тілін тегін оқыту ісі осы университет пен Теһрандағы Алламе Табатабаи университеті арасындағы ынтымақтастық  туралы келісімге қол қойылғаннан кейін жүзеге асатын болды.

Солтүстік Осетия республикасының Мемлекеттік университетіндегі қазіргі парсы тілін үйрету курсы жыл соңына дейін жалғасын табады. Парсы тілін меңгеру деңгейіне байланысты үш топқа бөліп оқытылады.