Reuters: Иран Макронның зымырандық бағдарлама жөнінде сұхбаттасу туралы өтінішін қабылдамады
Reuters ақпарат агенттігі Теһранның Франция президентінің Иранның зымырандық бағдарламасы жөнінде сұхбаттасу туралы өтінішін қабылдамағанын хабарлады.
Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Теһран жексенбі күні Франция президенті Эммануель Макронның Иранның зымырандық бағдарламасы жайлы сұхбаттасу үшін телефон арқылы байланысу өтінішін «Иран зымырандарды тек қорғаныстық мақсатта қолданады. Олардың "Ортақ қадам" бағдарламасына қатысы жоқ» деген дәлел негізінде қабылдамады.
Франция президенті бейсенбі күні БАӘ-де Иранның қорғаныстық зымырандық бағдарламасына алаңдаушылық білдіріп, Теһранмен осы мәселе жайында сұхбаттасуға өтініш жасады.
Теһран Франция президентінің Иранның зымырандық бағдарламасына қатысты телефон арқылы байланысу туралы өтініш жасаған хабарын растамады. Бірақ Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Баһрам Ғасеми сенбі күні: "Франция Теһранның ИИР-ның қорғаныстық істерінің талқылауға жатпайтындығы негізіндегі ұстанымынан толығымен хабардар. Франция басшыларына бірнеше рет "Ортақ қадам" ядролық келісімінің талқылауға жатпайтынын, оған басқа мәселелерді қосу мүмкін еместігін сан рет айтқанбыз",- деп мәлімдеді.