Ресей: Тереза Мей қоғамдық пікірді бұрмалауды көздеуде
Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы сейсенбі күні Ұлыбритания Премьер-министрі Тереза Мейдің Ресейге ауызша шабуыл жасауын елінің қоғамдық пікірін елдің ішкі мәселелерінен бұрмалау деп атады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, Мария Захарова Ұлыбритания Премьер-министрінің сөзін жауапсыздық және негізсіз деп атап: "Лондонның Ирак пен Ливиядағы әрекеттері миллиондаған адамға қиындық тудырып, аймақты тұрақсыздыққа тіреді",- деді.
Захарова Британияның Еуроодақтан шығу туралы шешімінен кейін қиын кезеңмен бетпе-бет келіа отырғанын қуаттап: "Қоғамдық пікірді өзгерту үшін Ресейді шетелдік дұшпан ретінде таңдады",- деді.
Тереза Мей дүйсенбіде күні Ресейді Украинаның шығысында қатігездіктерді арттырып, бірнеше еуропалық мемлекеттің әуе кеңістігін бұзды және еуропалық елдерге қарсы сайберлік шабуыл жасады деп айыптады.