Лаңкестік топтар Ауғанстан арқылы Орталық Азия елдеріне шабуыл жасауы мүмкін
(last modified Thu, 16 Nov 2017 08:59:46 GMT )
Қар 16, 2017 14:59 Asia/Almaty
  • Лаңкестік топтар Ауғанстан арқылы Орталық Азия елдеріне шабуыл жасауы мүмкін

Ресейдің Тәжікстандағы елшісі лаңкестік топтардың Ауғанстанның солтүстік бөлігінен Орталық Азия елдеріне енуі қатері жайлы ескертті.

Tasnim ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Ресейдің Тәжікстандағы елшісі Игорь Фролов Тәжікстандағы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің ортақ әскери жаттығуларын көруге келгенде лаңкестік топтардың Ауғанстан жерін пайдаланып, Орталық Азия елдеріне шабуыл жасау ықтималдығы туралы ескерту жасап: «Ауғанстанда қауіпсіздік жағдайы нашарлап бара жатыр. Бұл елдегі соғыс жақын арада аяқтала қоймайды. Біз Ауғанстан жерінен келетін ықтималды қауіп-қатерге көзжұмбайлық танытпауымыз керек. Қазіргі таңда тікелей қауіп төнбегенімен болашақта төнеді. Ауғанстанның солтүстігінде Орталық Азия елдерінің қауіпсіздігіне қатер  төндіретін 4000-ға жуық қаруланған содырлар орналасқан",- деп мәлімдеді.

Ауғанстанның Орталық Азия елдерімен ортақ шекарасы 2384 шақырымға созылған, ал Қытайдың Шыңжаң провинциясымен шекарасы шамамен 90 шақырымды құрайды.

 

Тегтер