Солтүстік Корея Америкаға қарсы бейнематериал жариялады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i3226-Солтүстік_Корея_Америкаға_қарсы_бейнематериал_жариялады
Солтүстік Корея Америкаға қарсы бейнематериал жариялады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 26, 2016 17:55 Asia/Almaty
  • Солтүстік Корея Америкаға қарсы бейнематериал жариялады

Солтүстік Корея Америкаға қарсы бейнематериал жариялады.

Аталмыш бейнематериал «Солтүстік Корея бүгін» деп аталатын Солтүстік Кореяның ғаламтордағы насихаттық торабына қойылды. Бейнематериалда осы елдің сүңгуір қайықтары шартты ядролық зымырандық шабуыл барысында Вашингтонның көзін жояды.

«Франц Пресс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, осы бейнекөрініс Американың туын өртеумен аяқталады.

Солтүстік Кореяның насихаттық бейнетаспасында АҚШ Конгресінің ғимараты зымыран жарылысынан жойылып, теледидар экранынан кәріс тілінде: «Егер батыстықтар Пхеньянға қарай қадам басса, ядролық қарумен олардың көзін құртамыз» деген жазу көрсетіледі.

Осы бейнематериалда Корея соғысы, 1968 жылғы АҚШ-ның барлаушы кемесінің басып алынуы, сонымен қатар 90-шы жылдардың бас кезіндегі Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы бойынша алғашқы дағдарыс бейнелері келтірілген.

АҚШ пен Оңтүстік Кореяның жаттығуларын, Солтүстік Корея ядролық сынақ өткізуді бастағаннан бері Корея түбегіндегі текетірестер ұлғайып отыр.