Германия Таяу Шығыс жағдайына алаңдаушылық білдірді
Қар 19, 2017 18:20 Asia/Almaty
Германия СІМ сенбі күні кешке Сауд Арабиясының Берлиндегі елшісін қайтарып алу әрекетіне байланысты мәлімдеме жариялап, Таяу Шығыстағы жағдайға алаңдаушылық білдірді.
Сауд Арабиясы сенбі күні таңертең Германия Сыртқы істер министрі Зигмар Габриельдің Сауд әулеті режимінің Ливан премьер-министрі Саад Харириге қатысты әрекеттерін қалыптантыс деп атаған жуырдағы сөзіне реакция ретінде өзінің Берлиндегі елшісін қайтарып алды.
Сауд Арабиясы сондай-ақ, сенбі күні кешке Германияның Риядтағы елшісін шақыртып, оған ресми түрде наразылық нотасын ұсынды.
Германия Сыртқы істер министрі Зигмар Габриель бейсенбі күні кешке Ливан Сыртқы істер министрі Джебран Бассильмен өткізген ортақ баспасөз конференциясында Сауд Арабиясының Ливан премьер-министрі Саад Харириге қатысты әрекеттерін өткір сынап, оны әдеттен тыс жағдай деп атаған болатын.
Зигмар Габриель Сауд Арабиясы билігіндегі авантюристік рухтың кең етек жайғанын айтып: "Еуропа мұндай мәселеге үнсіздік танытпайды",- деп баса айтты.