Әл-Башир: АҚШ Суданды бөлу үшін әрекет жасап жатыр
(last modified Sun, 26 Nov 2017 10:38:08 GMT )
Қар 26, 2017 16:38 Asia/Almaty
  • Әл-Башир: АҚШ Суданды бөлу үшін әрекет жасап жатыр

Ресейге сапар шеккен Судан Президенті «АҚШ Суданды беске бөлуге талпыныс жасап жатыр",-деп мәлімдеді.

Омар әл-Башир сенбі күні "Спутник" ақпарат агенттігіне берген сұхбатында АҚШ-тың Суданды беске бөлуге талпыныс жасап жатқанынан хабар беретін мәліметке ие екенін айтып: "Батыстықтар, әсіресе америкалықтар Суданды әскери-қауіпсіздік саласында әлсірету арқылы бұл елді қайта бөлу туралы жоспарды жүзеге асырмақ. Судан Ресейден Хартумға қолдау көрсетумен қоса, бізді АҚШ-тың араласушылығынан қорғайды деп үміттенеміз",-деді.

Омар әл-Башир бейсенбі күні РФ Президенті Владимир Путинмен кездесуінде: "АҚШ-тың араб елдерінің ішкі істеріне араласуына қарсымыз. Бұған Вашингтонның Иранның ішкі ісіне араласуы да жатады",-деген болатын.

Судан Президентінің айтуынша, аймақ бетпе-бет келіп отырған мәселе АҚШ-тың араласуы салдарынан туындап отыр. Екіге бөлінген Суданның жағдайына да осы фактор себеп болды.

 

Тегтер