Зариф: Ауғанстан мәселесінің әскери шешім жолы жоқ
ИИР Сыртқы істер министрі Ауғанстан мәселесінің әскери шешім жолы жоқ екендігін, сондықтан бұл мәселеге жан-жақты әрі толық стратегияның қажеттігін қуаттады.
Мұхаммад Джавад Зариф жұма күні Әзірбайжан Республикасының астанасы Бакуде өткен "Азияның жүрегі" атты 7-ші халықаралық конференцияда Ауғанстандағы дағдарысты шешу үшін жан-жақты стратегияның жоқтығын бұл елдің тұрақты бейбітшілікке қол жеткізудегі қиындықтардың бірі деп атап: "Ауғанстан соңғы жылдары әртүрлі салаларда жақсы жетістіктерге қол жеткізгенімен шетелдік басқыншылық пен ДАИШ тобының қатеріне ұшырады",- деді.
Иран Сыртқы істер министрі ДАИШ-ты аймақ пен Ауғанстанның тұрақтылығы мен қауіпсіздігі үшін шынайы қауіп деп атап: "Бұл қауіпке аймақтың барша мемлекеттерінің ортақ талпыныстарының арқасында ғана тосқауыл жасауға болады",- деп баса айтты.
Мұхаммад Джавад Зариф Ауғанстанда бейбітшілік орнатуға бағытталған талпыныстарды жалғастыру қажеттігін қуаттап: "Иран Еуропаға есірткі заттарының контрабандасымен күресуде Ауғанстанмен ынтымақтастық жасап, есірткі заттары мәселесін тамырымен жоюдың шешім жолын табуға күш салады",- деді.