Иран Каспий теңізі маңындағы бес елдің әріптестігін кеңейту туралы ұсыныс жасады
(last modified Wed, 06 Dec 2017 01:22:27 GMT )
Жел 06, 2017 07:22 Asia/Almaty
  • Иран Каспий теңізі маңындағы бес елдің әріптестігін кеңейту туралы ұсыныс жасады

ИИР Сыртқы істер министрі Мәскеуде Каспий теңізі маңындағы елдердің Сыртқы істер министрлерінің 7-ші отырысында осы аймақтағы елдердің ынтымақтастығын кеңейтуге бағытталған бірқатар ұсыныс жасады.

Мұхаммад Джавад Зариф Каспий теңізі маңындағы елдерге Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны талқылап, қорытындылаумен бір мезгілде ортақ инвестиция қорын ашу, бір кеден терезесін қалыптастыру, кедендік рәсімдер мен тарифтерді бірыңғайлау, еркін және арнайы экономикалық аймақтар арасында әріптестік орнату, ортақ тасымал компанияларын құру, мәдени-әлеуметтік қарым-қатынастарды дамыту және кемелдендіру, туризмді дамыту, виза үшін максималды түрде жеңілдіктер беру және визаны мүлдем алып тастау бағытында талпыныс жасауды өздерінің болашақтағы кеңестері мен келіссөздерінің басты тақырыптары етіп алуды ұсынды.

Зариф алдағы жылдары басты үш ұзақ мерзімді мақсатты ұлттар мен болашақ ұрпақтардың мүдделері негізінде қарастыруға болатынын айтып: "Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны қорытындылау, келіссөздердің нәтижесін қадағалау, бесжақты ынтымақтастық құжаттарын қорытындылау және басқа салалардағы ынтымақтастықтарды кеңейту  Каспий теңізі маңындағы елдердің басты мақсаттары бола алады",-деді.    

Тегтер