Ресей Трамптың палестиналықтарға қарсы шешімінің орындалуынан туындайтын салдарлар жөнінде тағы ескертті
Ресей Сыртқы істер министрі АҚШ Президентінің Құдсты сионистік режимнің астанасы деп ресми түрде тану туралы шешімінің орындалуынан туындайтын салдарлар жөнінде тағы ескертті.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров бейсенбі күні кешке Венада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің Сыртқы істер министрлері кеңесі отырысының аясында америкалық әріптесі Рекс Тиллерсонмен кездесуінде одан АҚШ елшілігін Тель-Авивтен Бейт ул-Мұқаддасқа көшірудің себебін түсіндіріп, осы шарадан қандай салдарлар күтетінін, Мәскеудің америкалық тарапқа осы елдің Президенті Дональд Трамптың Құдс туралы шешімінің араб және ислам елдері басшыларының, Араб лигасы мен Ислам ынтымақтастық ұйымының алаңдаушылығын тудырғанын баса айтты.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон осы ел Президентінің Құдсты сионистік режимнің астанасы деп тану туралы шешіміне қатысты әлемдік деңгейде сындардың айтылғанына реакциясында бұл шешімді қалыпты шара деп көрсетуге тырысып: "АҚШ Президенті маған және Мемлекеттік департаментке елшілікті көшіру үдерісін бастауға бұйрық берді. Алайда бұл іс жылдам орындалмайды",-деді.