Ирандық ғалым шашыраңқы склероз ауруын (MS) емдеудің жолын тапты
https://parstoday.ir/kz/news/world-i33135-Ирандық_ғалым_шашыраңқы_склероз_ауруын_(ms)_емдеудің_жолын_тапты
Ирандық биолог дүниежүзі бойынша алғаш рет склероз ауруын анықтайтын антигенді ашты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 20, 2017 07:11 Asia/Almaty
  • Ирандық ғалым шашыраңқы склероз ауруын (MS) емдеудің жолын тапты

Ирандық биолог дүниежүзі бойынша алғаш рет склероз ауруын анықтайтын антигенді ашты.

Ирандық биолог Махмуд Седағати өзінің екі дәрігер қызымен 11 жыл бойғы зерттеулерінен кейін шашыраңқы склероз ауруын анықтайтын антигенді ашып, осы ауруды емдеп, жазуға болатынын мәлімдеді. 

Махмуд Седағати склероз ауруы антигенінің ашылуының егжей-тегжейін баяндап, дүниежүзінде алғаш рет қан арқылы осы ауруды анықтағанын айтты. 

Седағати антигенмен емдеуді склероз ауруынан жазылудың бірден-бір жолы атап, алдағы 4 жыл ішінде аталмыш ауруды түпкілікті емдеуге қол жеткізілетіндігіне үмітін білдірді.

Шашыраңқы склероз (Multiple sclerosis) – адамның миы мен жұлынына әсер етіп, қалжырататын ауру. Ол өзін-өзі ұстау, көру, тепе-теңдік сақтау және сезу қабілеттерінің жоғалуына соқтырады.