Орталық Азияда ДАИШ идеологиясын тарату күшейіп келеді
Жел 27, 2017 22:18 Asia/Almaty
Қырғызстан Республикасының президенті ТМД елдері басшыларының отырысында Орталық Азияда ДАИШ идеологиясының таралуы мен осы аймақ азаматтарының арасында уаһабшы уағызшыларының қызметі туралы мәлімдеді.
«Fars» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қырғызстан Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков Мәскеуде ТМД елдері басшыларының бейресми отырысында Орталық Азияда ДАИШ идеологиясын насихаттаудың күшейіп келе жатқанын, сол топтардың аймақ мемлекеттерінің азаматтары арасында кең түрде үгіт-насихат жүргізіп жатқанын айтып: «Шекара қауіпсіздігі саласында ТМД елдері мен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы арасында ынтымақтастық жасамай шекараны қорғау мүмкін емес» - деді.