Мәскеу Корей түбегінде әскери қақтығыс қаупінің артуына байланысты ескерту жасады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i33403-Мәскеу_Корей_түбегінде_әскери_қақтығыс_қаупінің_артуына_байланысты_ескерту_жасады
Ресей СІМ АҚШ-тың шиеленіс тудырушы әрекеттерінің салдарынан Корей түбегінде әскери қақтығыс қаупінің артуына байланысты ескерту жасады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 28, 2017 19:19 Asia/Almaty
  • Мәскеу Корей түбегінде әскери қақтығыс қаупінің артуына байланысты ескерту жасады

Ресей СІМ АҚШ-тың шиеленіс тудырушы әрекеттерінің салдарынан Корей түбегінде әскери қақтығыс қаупінің артуына байланысты ескерту жасады.

Ресей СІМ мәлімдеме жариялап: "АҚШ-тың шиеленіс тудырушы әрекеттерінің салдарынан Корей түбегінде әскери қақтығыстың орын алу қаупі бар. Қақтығыс жақын арада басталуы мүмкін.

АҚШ-тың Корей түбегіне әскери шабуыл жасауы бұрын соңды болмаған апатқа соқтыруы ықтимал",- деді.

Корей түбегіндегі шиеленісті жағдай АҚШ президенті Дональд Трамптың соғысқұмар қатынасы салдарынан бұрынғыдан бетер ушыға түсті.