Мәскеу Корей түбегінде әскери қақтығыс қаупінің артуына байланысты ескерту жасады
Жел 28, 2017 19:19 Asia/Almaty
Ресей СІМ АҚШ-тың шиеленіс тудырушы әрекеттерінің салдарынан Корей түбегінде әскери қақтығыс қаупінің артуына байланысты ескерту жасады.
Ресей СІМ мәлімдеме жариялап: "АҚШ-тың шиеленіс тудырушы әрекеттерінің салдарынан Корей түбегінде әскери қақтығыстың орын алу қаупі бар. Қақтығыс жақын арада басталуы мүмкін.
АҚШ-тың Корей түбегіне әскери шабуыл жасауы бұрын соңды болмаған апатқа соқтыруы ықтимал",- деді.
Корей түбегіндегі шиеленісті жағдай АҚШ президенті Дональд Трамптың соғысқұмар қатынасы салдарынан бұрынғыдан бетер ушыға түсті.
Тегтер