Ресей Түркия Президентінің Сирия туралы сөзіне реакция білдірді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i33407-Ресей_Түркия_Президентінің_Сирия_туралы_сөзіне_реакция_білдірді
Ресей СІМ Түркия Президентінің Сирия Президенті Башар Асад туралы ұстанымын негізсіз деп атады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 29, 2017 15:00 Asia/Almaty
  • Ресей Түркия Президентінің Сирия туралы сөзіне реакция білдірді

Ресей СІМ Түркия Президентінің Сирия Президенті Башар Асад туралы ұстанымын негізсіз деп атады.

Ресей СІМ-нің ақпарат хатшысы Мария Захарова Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның Башар Асадқа қарсы сөзіне реакциясында: "Ердоғанның Сирия Президентін "лаңкес" деп атаған сөзінің ешбір заңдық негізі жоқ.

Мәскеу Сириядағы лаңкестердің қолында жаңа қару-жарақтың пайда болғанына алаңдап отыр",-деп мәлімдеді. Ресей СІМ ақпарат хатшысының айтуынша, кейбір елдер Сириядағы лаңкестерді әлі қолдап отыр.

Режеп Тайып Ердоған Африка елдеріне сапары барысында Сирияға қарсы ұстанымдарын жалғастырып, Башар Асадты лаңкес деп атады.